|
Америкалық мұсылман әйел дәрігерлеріне арнап бір жолғы медициналық хижаб тігілді
|
Құрама штаттарының кей емханаларында тазалық талаптарын сақттауға да, діни парызды орындауға да мүмкіндік беретін, мұсылман пациенттер мен медицина қызметкерлеріне арналған бір жолғы хижаб пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
North Memorial Health медициналық жүйесі Роббинсдейл мен Мейпл-Гроувтағы ауруханаларында осындай хиджабтарды ұсына бастады. Бұған дейін мұндай жаңалық Ұлыбританияда пайда болған еді. Кәдімгі хирургиялық қалпақтар көбінесе жартылай мөлдір келетіндіктен шашты толық жауып тұрмайтын. Жаңа хижабтар басты, мойынды және иықты қымтап, екі нұсқада ұсынылады - басқа кигізілетін және бір реттік жеке қорғаныш құралы ретінде санитариялық нормаларға толығымен сәйкес келеді.
Жабдықтаушы тарап - Фираоли Адам және Жасмин Саматар есімді екі респираторлық терапевт негізін қалаған жергілікті Mawadda компаниясы. Идея COVID-19 пандемиясы кезінде пайда болды, олар кәдімгі хжабтарды жеке қорғаныш құралдарымен бірге қолданудың қолайсыздығына тап болды. Медициналық мекемелерде және науқастарды күту саласында орамал киетін мұсылман әйелдерге әдеттегі матадан тігілген хижабтың үстінен медициналық қалпақ киюге тура келетін. Мұндай үлгі адамды қауіпті микроорганизмдерден жеткілікті деңгейде қорғай алмайтын - вирустар мен бактериялар жұққан сұйық заттар немесе ауа тінге, содан кейін теріге түсуі мүмкін. Өзі мұсылман North Memorial қызметкері Зәмзәм Кусу: "Бізге дініміз бен пациенттердің қауіпсіздігі арасында таңдау жасауға тура келмейді. Сондықтан да екеуін де бір мезгілде ескеруге тура келеді”, - деп түсіндірді ол.