Болашақта әр сарбаз ұшқышсыз ұшатын шағын аппаратқа ие болады
Болашақта әр сарбаз ұшқышсыз ұшатын шағын аппаратқа ие болады
3 жыл бұрын 3139 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяу болашақта қарулы күштер сапында жүрген сарбаздардың әрбіреуі дербес беспилотникке ие болуы мүмкін. Ұшқышсыз ұшатын шағын аппараттар әскери тапсырманы орындауға шыққан сарбаздарға көмектеседі. Бұл жайында islam.kz аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жайында «КТ-Беспилотные Системы» арнайы жобасының бас конструкторы Павел Рожков «Интерфакс» ақпарат көзіне берген сұхбатында тілге тиек етті. Оның айтуынша,  салмағы 180 грамм тартатын нано ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырылған. Ол бірқатар мамандандырылған әскери тапсырмаларды орындау үшін қажет. Бұл, әсіресе, іздеу-құтқару операцияларында, қиын немесе жабық нысандарды тексеру, мониторинг жүргізуде қажет болады. Мәселен, 2014 жылдан бастап ресейлік сарбаздар «Ратник» деп аталатын әскери экипирге ие бола бастады. «Ратник» бағдарламасы майдан даласында сарбазға қажетті барлық нәрсені, соның ішінде аяқ киім мен дәрі салатын қораптан, байланыс құралдарынан, дүрбі секілді көмегі тиіп қалатын бұйымдардан бастап қаруға дейінгі барлық заттарды қамтиды. Бұл құрылғы аптап ыстықта да, қақаған аязда да тиімді жұмыс істей береді.

0 пікір
Мұрағат