Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды
Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды
1 ай бұрын 357 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

2019 жылы ауаның ластануынан әлем бойынша 476 000 бала көктей солған. Ғалымдардың айтуынша, өткен жылы ауаның ластануынан Африка елдері, әсіресе, Сахара шөлінен оңтүстікке қарай жайғасқан елдер мен Үндістан зардап шегіп отыр. Өткен жылы Үндістанда 116 мың бала бір айлығына етпей шетінеп кеткен лас ауадан. Ал бұл көрсеткіш Африка елдерінде 236 мыңға жетіп отыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Адам денсаулығына әсер ету институтының (Health Effects Institute) және Денсаулықты бағалау жоғарғы оқу орнының (Institute for Health Metrics and Evaluation) мамандары келтірген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл төңіректе арнайы жүргізілген зерттеу барысында мынадай факторлар белгілі болды: ауадағы қатты бөлшектер мезгілінен бұрын босану кезінде және шарананың салмағы кем болып туғанда ауыр зардабын тигізеді. Ересектерді қоса ескергенде жалпы есеп бойынша өткен жылы әлем бойынша 6,7 млн адам ауаның ластануынан бақилық болған. Осылайша уаның ластануынан болатын өлім-жітімнің қарасы жылдан жылға артып келеді әрі бүгінгі таңда жүрек, т.б. кеңінен тараған аурулардан болатын өлім-жітімнен кейінгі орынға табан тіреген.

0 пікір
Мұрағат