Баланы жылатқан... пірәдар (видео)
Баланы жылатқан... пірәдар (видео)
7 жыл бұрын 6274 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Онсыз да әлеуметтік желіде талқыға салынып, таптаурын болған тақырыпты қайта қопсытуымызға не түрткі болды дерсіз. Онсыз да абырой-беделіне орасан зор нұқсан келген (шәкірттерді жыныстық азғындыққа итермелеген дінбасыларының жиіркенішті әрекеті, азғындық, дегредация, т.б.) католиктердің репутациясына тағы бір соққы берілді. Айтпағымыз бұл емес - басқа. Осыдан бір-екі күн бұрын таспаға тартылып қалған, әлеуметтік желіні шулатқан католик священнигінің баланы шоқындыру кезіндегі оқыс әрекетіне әлбетте ғаламтор пайдаланушылар наразылық білдіріп жатты. Христиандардың осынау діни жоралғысында священник не бүлдіріп қойып еді? Жұбанбай жыланған балаға қол жұмсап, өзі шошынған жеткіншектің зәресін алған священниктің ақыл-есінің дұрыстығы күмән тудырады. Мәселенің мәнісі мынада емес пе: қартайған, қажыған, жүйкесі тозған қарт священниктердің қарасы көбейіп кеткен. Өйткені, "демократиялық еркіндікке мастанған" жастарға батыс елдерінде католиктік наным-сенімнің құны көк тиын. Аштан қатса да болашағы бұлыңғыр, оның үстіне, танымдық концепциясы айқын емес мұндай қызметке барғысы жоқ. Дегредация делқұлыларды тудырады. Бұл - аксиома. 

 

0 пікір
Мұрағат