|
Депортациялануы мүмкін еңбек мигранттарының АҚШ азаматтығына ие 1 млн-дай баласы жетім қалуы ықтимал
|
Америка құрама штаттарының қазіргі көші-қон саясатына байланысты оссы елдегі 1 млн-дай бала әке-шешесінен айырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Christian Post ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. National Association of Evangelicals (NAE) және World Relief гуманитарлы ұйымның таяудағы баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, Ақ үй қожайыны Доналд Трамптың пәрменімен елден жыылына 1 млн-ға жуық заңсыз мигрант қуылуы мүмкін. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес Доналд Трамптың президенттік мерзімінің соңында (2029 жылға дейін) 4 миллионға жуық адам елден шығарылуы мүмкін. Бұл 910 мыңға жуық бала - АҚШ азаматтары бір немесе екі ата-анасынан айырылады. Болжам бойынша 665 мыңға жуық бала бірден ата-анасымен байланысын үзеді. Баяндаманың авторларының есебінше, елден шығарылуы тиіс мигранттардың АҚШ-та тұру мерзімі, кәсібі немесе шыққан елі ескерілмеген. Кәсібі дегенде, АҚШ-қа қажетті маман ба, қай елден келгені (қуғын-сүргін мен қудалау қатері басым, соғыс жүріп жатқан немесе аштық жайлаған Сомали, Солтүстік Корея, Ауғанстан, т.б.) Елден қуылуы мүмкін мигранттар санатына бұрын уақытша қорғалған, бірақ, онысын жоғалтқан адамдар да кірген. Бұл реттегі депортациялау шарасы мигранттардың кейбір санаттарын - мысалы, баспана алғандарды, сондай-ақ, АҚШ-қа балаларымен келгендерді депортациялаудан қорғайтын Deferred Action for Childhood Arrivals (DACA) бағдарламасына қатысқандарды ескермейді. Ең сорақысы - шамамен 519 мың АҚШ азаматтағын алған баланың осы елдің азаматтығын алған туысы жоқ (елден қуылуы мүмкін әке-шешесі тапсырып кететін). Мұндай жағдайда ата-ана қатаң таңдауға кезігеді: не өзімен бірге баласын алып кетеді немесе АҚШ-тағы мемлекеттік мекемелер қарауына (қамқорлығына) тастап кетеді. Бұдан бөлек, 272 мыңға тарта мигрант азаматтығы бар жұбайынан немесе зайыбынан ажырасуы мүмкін. Өз еркімен емес, әрине. Тағы 150 мыңдай отбасы мүшесі елден шығарылуы ықтимал. Мұндай отбаасылардың саны шамамен 5,5 млн болады. Мұндай отбасыларда шамамен 12,5 млн адамның азаматтығы бар. 4 млн-ға жуық бала ата-аналарының біріне (не әкесіне, не шешесіне) депортация қатері төнген. Осындай қауіпке байланысты мемлекет саясатының адамгершілік қағидаларына сай келмейтіні айтылып жатыр. Алдағы уақытта АҚШ-тың жоғарғы соты Доналд Трамптың көші-қонға қатысты жарлығының заңдылығын тексеретін болады.