ХАЛАЛ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІНІ ХАБАРЛАЙМЫЗ
ХАЛАЛ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ЖАРИЯЛАНҒАН АҚПАРАТТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТӨМЕНДЕГІНІ ХАБАРЛАЙМЫЗ
1 сағат бұрын 28 halaldamu.kz

Кейбір ақпараттық ресурстарда қолданылған «липовые документы», «филькина грамота» секілді тұжырымдар шындыққа сәйкес келмейді және ұйымның іскерлік беделі мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді деп есептейміз. Халал Даму – ел мұсылмандарының қара шаңырағы болып табылатын қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы ұйым. Толығымен ҚР қолданыстағы заңдары мен шариғат талаптарына сәйкес жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.

Сотта қаралған тек қана «Тулекеев» кәсіпорнына берілген куәлік мәселесіне келер болсақ, бұл жағдай «Халал Даму» ұйымның ішкі СТ ТОО 96090-3-2021 стандарты негізінде ішкі құжат бойынша берілген. Аталған құжаттар мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіне жатпайды, сәйкестік сертификаты болып саналмайды және аккредиттеу аттестатына сілтеме жасалуы міндетті емес. «Тулекеев» нысанына берілген құжат дәл осы ішкі стандарт негізінде рәсімделген. Сондықтан олар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы шеңберіндегі сәйкестікті растау құжаттары болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңының 1-бабының – 30) тармақшасына сәйкес, ұйым стандарты – ұйымның өз мақсаттарын іске асыру үшін дербес қабылдаған стандарттау құжаты болып табылады. – ⁠Ал осы баптың 31) тармақшасына сәйкес, ұлттық стандарт – уәкілетті орган бекіткен және кең пайдаланушыларға қолжетімді стандарттау құжаты.

Сондай-ақ, аталған Заңның 19-бабына сәйкес, ұйым стандарттары өнімдерге, процестерге немесе қызметтерге әзірленеді және ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімінде есепке алынбайды әрі тіркелмейді. Ұйым стандарттарын әзірлеу, қабылдау, өзгерту, қайта қарау және қолдану тәртібін ұйымның өзі айқындайды. Ал Заңның 26-бабына сәйкес, ұйым стандарттарына нормативтік құқықтық актілерде сілтеме жасауға жол берілмейді.

Сонымен қатар, елімізде аккредиттеу аттестаты арқылы әрекет ететін бізден басқа тағы бір жекеменшік ұйым (Halal Quality Center ЖШС) бар. Ал, уәкілетті орган тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексеруге негіз болған арыз осы Halal Quality Center ЖШС тарапынан түскенін атап өткіміз келеді. Құрметті тұтынушы және халалдың жақтаушысы әрі қарай өзіңіз бағасын беріңіз…

«Техникалық реттеу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау тек техникалық реттеу саласына жататын өнімдер мен аккредиттелген сәйкестікті бағалау қызметіне ғана қолданылады. Осыған байланысты, аккредиттеу саласына кірмейтін және мемлекеттік сәйкестікті бағалау жүйесіне қатысы жоқ ішкі құжаттарды тексеру уәкілетті орган құзыретінен тыс деп есептейміз. Бұдан бөлек, Халал Дамуға қатысты тексеру жоспардан тыс жүргізілген. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, мұндай тексеру нақты зиян келтіру фактілері болған жағдайда ғана тағайындалуы тиіс. Алайда бұл жағдайда ешқандай зиян келтірілмеген және заң бұзушылық орын алмаған деп санаймыз.

Сот шешіміне сәйкес Халал Дамуды аккредиттеу аттестатынан немесе лицензиясынан айырған жоқ, тек алты ай мерзімге уақытша тоқтатуға шешім қабылданды. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының объективтік жағы толық анықталмаған деп есептейміз және қабылданған шешіммен келіспейміз, бұдан жоғары тұрған сотқа шағым түсірудеміз.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Бәсекелестің іскерлік беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекеттер мен қоғамды жаңылыстыратын мәліметтер тарату заң талаптарына қайшы келеді.

Кезекті халал сертификатына ие болған кәсіпорындар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «НҰР ТАУ» КОМПАНИЯСЫНА QMDB HALAL КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында орналасқан «Нұр Тау» компаниясының жуғыш заттар өнімдері QMDB HALAL стандарты талаптарына сәйкестігін растап, арнайы халал куәлікке ие болды.

Кәсіпорында жүргізілген аудит барысында өнім құрамдары, өндіріс барысы, қолданылатын шикізаттар мен технологиялық үдерістер тексеріліп, халал талаптарына сәйкестігі анықталды.

Нәтижесінде компания өнімдеріне QMDB HALAL куәлігі табысталды.

АТЫРАУДА ХАЛАЛ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» куәліктері табысталды. Атап айтқанда, «Нұртай» ет дүкені халал куәлігін алғаш рет иеленсе, «Doner na Avaya» fast food қоғамдық тамақтану орны өз куәлігін жаңартты.

Куәліктерді Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстап, кәсіп иелеріне адал өнім ұсынудағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, халал талаптарын сақтау – тұтынушылар сенімі мен сапалы қызметтің негізгі кепілі екені жеткізілді.

Алдағы уақытта да өңірдегі халал стандарттарын дамыту және қадағалау жұмыстары жалғасын табады.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «AULA» ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА “QMDB HALAL” КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Қарағанды қаласында орналасқан «Aula» тамақтану орнына «QMDB HALAL» стандартына сәйкес халал куәлігі табысталды.

Аталған кәсіпорында жүргізілген тексеріс нәтижесінде тағам дайындау үдерістері, қолданылатын шикізаттар мен өндірістік талаптар шариғат нормаларына сай екені анықталды.

Сараптама барысында ас мәзіріндегі өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, тағам дайындау барысындағы тазалық пен қауіпсіздік нормалары толықтай бақылаудан өтті.

Нәтижесінде, «Aula» тамақтану орнына «QMDB HALAL» куәлігі беріліп, тұтынушыларға халал талаптарына сай қызмет көрсетуге ресми түрде рұқсат етілді.

ҚОСТАНАЙДА «ПРО ТЕСТО» ӨНІМДЕРІНЕ ХАЛАЛ КУӘЛІК БЕРІЛДІ

Қостанай қаласында жартылай дайын өнімдер өндіретін “Про Тесто” кәсіпорнына «QMDB HALAL» халал куәлігі табысталды. Кәсіпорынның өндіріс үдерістері толық тексерістен өтіп, халал талаптарына сәйкестігі расталды.

Аудит барысында шикізаттың сапасы, өндіріс барысы және санитарлық талаптар жан-жақты бақылаудан өткізілді. Нәтижесінде кәсіпорын халал стандарттарына сай деп танылды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «SOLIHA» ЖК КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында «SOLIHA» ЖК кондитерлік цехы «QMDB HALAL» куәлігіне ие болды. Кәсіпорында жүргізілген аудит барысында өндірістік үдерістер мен қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі жан-жақты тексеріліп, оң қорытынды шығарылды.

Куәлік табыстау кезінде кәсіп иесіне халал стандарттарды сақтау, өнім сапасын арттыру және тұтынушылар сенімін нығайту бағытындағы талаптар түсіндірілді.

Алдағы уақытта кәсіпорында «QMDB HALAL» талаптарының сақталуы тұрақты түрде бақылауда болады

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА ХАЛАЛ КУӘЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтөбе қаласында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB HALAL» стандарты бойынша халал куәліктері табысталды. Атап айтқанда, ИП «Express» ет дүкені халал куәлігін жаңадан иеленсе, ЖШС «Азия Ингредиент» кәсіпорны балмұздақ өнімдері бойынша берілген халал куәлігін қайта жаңартты.

Сонымен қатар, кәсіпорын мамандары мен қасапшыларға арналған арнайы семинар ұйымдастырылып, халал стандарт талаптары жан-жақты түсіндірілді. Семинар барысында қасапшылық үдерістеріндегі талаптар мен санитарлық нормалардың маңыздылығы атап өтілді. Нәтижесінде қатысушыларға қасапшылық куәліктері табысталды.

Куәліктерді тиісті сала мамандары табыстап, адал өнім өндіру жолындағы жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен бірге халал талаптарын сақтау – тұтынушы сенімі мен сапалы қызметтің негізгі кепілі екені жеткізілді.

0 пікір
Мұрағат