|
Ауыр құрылыс техникалары «шайқасты» (ВИДЕО)
|
Қытайдың Хэбэй провинциясында екі бәсекелес құрылыс фирмасының арасындағы кикілжің ауыр техникалардың қақтығысына әкеліп соқтырды. Синтан уезінде алты күрегі бар ауыр техника бірнеше минут «тірескен». Әлеуметтік желіде «трансформерлер қақтығысы» аталып кеткен жанжал салдарынан бірнеше адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған.
CCTV телекомпаниясының хабарлауынша, оқиға 17 сәуірде болған. Техникалар қақтығысынан екі техника аударылып қалып, бірнеше құрылысшы жарақат алған. Ең көп залал техникаға тиесілі.
Екі мекеменің жанжалына тапсырыс берушіге талас себепші болған. Қазір оқиғаны құқық қорғау органдары тергеп жатыр.
Ғаламторда жүктелген бейнені оқиғаны кездейсоқ көріп қалғандар түсіріп алған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады