|
Мұсылман мен иудей жұбы жүргіншілердің назарын өзіне аударды (ВИДЕО)
|
Америкалық екі жігіт арабша және еврейше киініп, жұптасып жүру арқылы америкалықтардың көзқарасын байқап көрді. Қала көшелерін жаяу аралаған олар негізінен еврей диаспорасы көптеп қоныстанған ауданда жүргіншілердің таңданысын тудырды. Әсіресе, ортадоксалды еврейге тән (өзге діндегілерді мойындай бермейтіндер) киім киген адамның ата жауындай көретін мұсылманмен қатар жүруіне кейбіреулері, тіпті, ризалық танытты. Тіпті, кейбіреулері қалта телефондарын шығарып, оларды таспаға тартып алып жатты. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі хабар таратты. Америкалықтар арасындағы бұл тәжірибе толеранттылықты насихаттап, екі дін өкілінің арасында татулықты сақтаудың жарқын үлгісін танытқандай болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Жасанды зерде адамзаттың түбіне қалай жетуі мүмкін – зерттеу
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Өмір мен өлім арасындағы халдің болатыны немесе “аралық шақ” туралы айтылды