Атмосферадағы ұсақ бөлшектерді азайту стартегиясы оң нәтиже берді
Атмосферадағы ұсақ бөлшектерді азайту стартегиясы оң нәтиже берді
1 жыл бұрын 1294 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінің жетекшілік еткен халықаралық ғалымдар тобы 1998-2019 жылдар аралығындағы ауа сапасы туралы деректерді сараптамадан өткізді. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көлемі 2.5 мкм-дан (PM2,5) кем бөлшектердің теріс әсері мен оның зардабы төмендеп келеді. Ғалымдар бұл бағытта әлемнің әр түкпірінде халықтың орналасу тығыздығы мен ауаның ластану деңгейін ескере отырып әрі бақылау мен есеп негізінде қауіпті ұсақ бөлшектермен ауаның ластану деңгейінің қалай өзгергенін анықтады. PM2,5 бөлшегінің адамзатқа тигізген теріс әсерінің шарықтау шыңы 1998-2011 жылдар аралығына тиесілі. Бұл аралықта бірнеше миллиондаған адам өмірден ерте озды, түрлі кесел көбейді, адам ғұмыры қысқарды, жаһандық женсаулық сақтау жүйесіне орасан зор салмақ түсті. PM2,5 қатты ұсақ бөлшегі қазбалы және қатты отындарды (мұнай, көмір) пайдаланудан атмосфераға бөлінеді. Зерттеушілер PM2.5-пен байланысты жаһандық өлімнің тоқырағанын анықтады. Жаһандық деңгейде ұсақ бөлшектерден болатын жыл сайынғы өлім-жітім 1998 жылдан 2011 жылға дейін 0,97 миллионға өскен.

Bilim-all дерек көзінен: 

РM2.5 дегеніміз не және олар қайдан пайда болған?

Бұл қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ұсақ тамшыларынан тұратын ауа ластағышы. Олардың көлемі шамамен 10 нм-ден 2,5 мкм-ге дейін жетеді. РМ2.5 бөлшектерінің басқа белгілері мен атаулары бар: FSP (fine suspended particles), fine particles, fine particulate matter, ұсақ дисперсті қалқымалы бөлшектер, жұқа дисперсті шаң.

Өте ұсақ бөлшектер (шамамен 1 нм және одан да ұсақ) — газ молекулалары. Мысалы су және оттегі молекуласының диаметрі — 0,30 нм, азот — 0,32 нм, сутегі — 0,25 нм. Мұндай ұсақ денелер РМ2.5 бөлшектерінен қатты ерекшеленеді. Газ туралы тағы бір ретте айтармыз, ал қазірше қатты микробөлшектер туралы төменде толық айтылады.

Неліктен 2.5 мкм?  Себебі, үлкен бөлшектерге қарағанда, РМ2.5 биологиялық кедергілер арқылы оңай өтеді және сонысымен ағзаға үлкен қауіп төндіреді.

Бұл бөлшектер мен тамшылардың көлемі 2,5 мкм-ден кіші және олар ауада қалқып жүреді. Олар орманда да, теңізде де кездеседі, алайда қалада олар әлдеқайда қауіпті. Бірінші себебі қалада олардың мөлшері көбірек, екіншіден, қаладағы ұсақ дисперсті аэрозольдің химиялық құрамы табиғаттағыға қарағанда қауіптірек. Айта кету керек РМ2.5 аэрозолының құрамы, әрі жеке бөлшектерінің параметрлері әр қалада әр түрлі болуы мүмкін.

РМ2.5 бөлшектері қандай болады? Бұл олардың қайдан пайда болғанына байланысты. РМ2.5 өзінің шығу тегі бойынша екіге бөлінеді:

Бастапқы РМ2.5

Ауаға дайын күйде шығады. Күйенің, асфальттың және автомобиль жамылғысының ұсақ кесектері, минералды тұздардың бөлшектері (сульфаттар, нитраттар), ауыр металдардың қосындылары (негізінен оксидтер). Биологиялық ластағыштар (кейбір аллергендер мен микроорганизмдер) РМ2.5-ке жатады. Күйе бөлшектері туралы айта кетсек, көмір — жақсы сорбент, сондықтан тіпті күйенің ұсақ бөлшектерінде улы қосылыстар тұнады. Іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде, бұл — үлкен молекулалық салмағы бар көпциклді хош иісті көмірсутек болады. Яғни бұл жай ғана күйе емес — зиянды органикалық "салмасы бар" бөлшектер.

Екінші РМ2.5

Тікелей атмосферада қалыптасады. Мысалы: қалалық ауаға азот және күкірт оксидтері шығарылады, сумен жанасқан кезде олар қышқылдар түзеді, ал олардан тұздардың қатты бөлшектері (нитраттар мен сульфаттар) пайда болады.

РМ2.5 бөлшектерінің шығу тегі бойынша төмендегідей бөлінеді:
 
Жасанды (антропогендік) 

Бөлшектердің басты антропогендік көзі — көліктер. ЖЭС-тер. Іштен жану қозғалтқыштары және отынның қатты түрлерін (көмір, қоңыр көмір, мұнай) жағатын өнеркәсіптік процестер, құрылыс, пайдалы қазбаларды өндіру, өндірістің көптеген түрлері (әсіресе цемент, керамика, кірпіш, балқыту өндірісі),  ал жол жабынының эрозиясы, тежегіштің қалыптары мен шиналардың желінуі қалалардағы РМ2.5-інің пайда болуына бірден бір себепші болуы мүмкін. Тіпті ауыл шаруашылығы — екінші реттік РМ2.5-тің пайда болуына әкеп соғатын аммиактың ошағы.  

Табиғи (антропогендік емес)  

Қайнар көзі: құрғақ аудандардағы топырақ эрозиясы және органикалық булану.

Ауада қанша РМ2.5 бар

РМ2.5 массалық концентрациясы ауа сапасын бағалау және оның адам денсаулығына қауіп-қатері үшін негізгі параметр болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нормалары бойынша РМ2.5-нің орташа жылдық деңгейі 10 мкг/м3-тан, ал орташа тәуліктік деңгейі 25 мкг/м3 көрсеткішінен артық болмауы тиіс.
 
Ауадағы бөлшектердің нақты концентрациясын бүкіл әлем бойынша экомониторингтің түрлі қызметтері бағалайды. Ауаның ең ірі онлайн мониторингі — The World Air Quality Index. Ол бүкіл әлем бойынша қалаларда ауа сапасының индексін көрсетеді. Бұл индекс барлық ауа ластаушылары бойынша есептеледі. Олардың негізгісі — РМ2.5.

Ауаның ең ірі онлайн мониторингі — The World Air Quality Index.

Ауаның онлайн мониторингі (Қазақстан) — airkaz.org

Ұқсас материалдар:

«Ластанған ауадағы ең қауіпті бөлшек анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auadagy-en-qauipti-bolshek-anyqtaldy-18646/#gsc.tab=0);

«Аэрозолдер мен көмірқышқылгазыныңадамденсаулығынаәсеріанықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aerozolder-men-komirqyshqyl-gazynyn-adam-densaulygyna-aseri-anyqtaldy-17626/#gsc.tab=0);

«Ауадағықаттыбөлшектерденөлім-жітімкөрсеткішітөмендепкеледі» (https://islam.kz/kk/news/alem/auadagy-qatty-bolshekterden-olim-jitim-korsetkishi-tomendep-keledi-16044/#gsc.tab=0);

«Ластанған ауаның тағы бір теріс әсері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auanyn-tagy-bir-teris-aseri-aityldy-19091/#gsc.tab=0);

«Зерттеу: Лас ауа өкпе тінін өзгертіп, иммундық жүйені әлсіретеді» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/zertteu-las-aua-okpe-tinin-ozgertip-immundyq-juieni-alsiretedi-18715/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануы жүрек құрылымын өзгертеді − ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/arturli/auanyn-lastanuy-jurek-qurylymyn-ozgertedi-galymdar-10676/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауадан адам жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auadan-adam-juregi-kenetten-toqtauy-mumkin-17675/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/lastangan-aua-da-aljuga-bastaidy-autizm-men-lastangan-aua-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-17606/#gsc.tab=0);

"Адамдардың 99,9 пайызы уланған ауамен тыныс алады – ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdardyn-999-paiyzy-ulangan-auamen-tynys-alady-galymdar-18310/#gsc.tab=0);

"Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzattyn-99-y-lastangan-auamen-tynys-alady-16643/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат