Араб елінің тұрғындары тегін медициналық жәрдем ала алады
Араб елінің тұрғындары тегін медициналық жәрдем ала алады
9 ай бұрын 1077 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубай әмірлігінің Уд Мета ауданында орын тепкен алғашқы пәкістандық, коммерциялық емес медицина орталығы жыл сайын Біріккен Араб Әмірлігінің мыңдаған тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дубайдағы Пәкістан қауымдастығының президенті Фейсал Икрам аталмыш орталықта ұлты бөлек (араб, пәкістандық, үнді италиян, т.б. біліктілігі жоғары 40-тан аса дәрігер жұмыс істейтінін жеткізді. Сондай-ақ, ол өткен жылы орталықта 22 мыңдай пациентке қызмет көрсетілгенін әрі биыл бұл көрсеткішті 30 мыңға жеткізуді көздеп отырғандарын тіле тиек етті. Аталған орталықтың қызметіне негізінен осы елдің аумағындағы еңбек мигранттары мен шетелдіктер жүгінеді. Пәкістан медициналық орталығында 18 бөлімше және радиологияны қоса алғанда жеке зертхана бар. БАӘ-нің ақылы медициналық көмекке мүмкіндігі жоқ барлық тұрғындары үшін тегін жұмыс істейді. Ең ерекшелігі немесе өзгешелігі – бұл орталықта біліктілігі мен білімі жоғары кез келген дәрігер өз еркімен пациенттерге қызмет ететін мүмкіндік қарастырылған, яғни, жақсылық жасағысы келетін дәрігерлердің алғашқы кәсіби платформасы деуге болады. Ол үшін Дубайдың денсаулық сақтау басқармасының рұқсатын алса, жетіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат