Ластанған ауаның тағы бір теріс әсері айтылды
Ластанған ауаның тағы бір теріс әсері айтылды
6 ай бұрын 565 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ластанған ауаның кесірінен инфекциялық ауруларға қарсы антибиотиктер мен дәрі-дәрмектің тиімділігі төмендеп келеді. Осының кесірінен статистикалық есеп бойынша жыл сайын 1,3 млн адам қаза табады. Бұл жайында islam.kz порталы жаһандық зерттеу нәтижесі жарияланған The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ластанған ауа антибиотикке инфекциялық аурулардың төзімділігін қалыптастырады әрі арттырады. 100-ден аса елден жиырма жыл бойы жиналған деректерді талдау нәтижесі көрсеткендей, антибиотикке деген төзімділік пен ластанған ауа арасындағы байланыс жылдан жылға күшейіп келеді. Антибиотикке төзімділік әлемдік денсаулық сақтау саласына төніп келе жатқан қауіп. Ең алдымен антибиотикке төзімділік мұндай дәріні келсін, келмесін, шектен тыс қолданудан қалыптасады. Енді бұған ластанған ауа қосылды, дәлірегі, ластанған ауа – антибиотикке төзімділікті қалыптастырудың екінші факторына айналған. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ластанған ауа құрамындағы PM2,5 қатты бөлшегі антибиотикке төзімділікті қалыптастырады. Бұл қатты бөлшек адам ауамен демалғанда организіміне енеді.

0 пікір
Мұрағат