|
Араб тілін екі сағат ішінде үйрететін қосымша жасалды
|
Қазақстан студенті араб тілін екі сағат ішінде үйрететін ерекше мобильді қосымша әзірледі. "Joode" деп аталатын қосымша – қолданушы 9 интерактивті сабақты өту арқылы араб әліпбиіндегі 28 әріптің барлығының аталу, оқылу және жазылу ерекшеліктерін үйрене алады. Аталмыш жоба авторы Нұрсұлтан Асқарбекұлының айтуынша, араб алфавитін толық үйреніп алу үшін орта есеппен екі сағат жеткілікті екенін айтады. Нұрсұлтанның өзі Эдинбург университетінің түлегі, жақын уақытта әрбір интерактивті сабақты өз дауысымен сүйемелдеуді жоспарлайды. Ал жас өнертапқыштың ендігі мақсаты – Құран оқуды үйрететін қосымша жасау.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды