"Ақылды" құлпытас: инновация мазарға да келіп жетті
"Ақылды" құлпытас: инновация мазарға да келіп жетті
7 жыл бұрын 3878 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Словенияның Марибор қаласындағы Pobrezje бейітінде әлем бойынша тұңғыш рет "ақылды" құлпытас пайда болды. Инновациялық құлпытастар туған-туыстары жүктеген, қайтыс болған адам турасындағы ақпарат қамтылған экранмен жабдықталған. Адам қабірдің басына жақындамайынша ешнәрсені байқамайды, тек жақын келгенде ғана плитада қимыл-қозғалыс датчигі іске қосылып, сенсорлық экран пайда болады. Одан қайтыс болған адамның фото-суретін, қайтыс болған адам бейнеленген видеоны көруге және оның өмірбаянын оқуға болады. Осы жобаны ойлап тапқан Bioenergija компаниясы өкілдерінің айтуынша, құлпытастағы экранға су өтпейді, өйткені, арнайы жабынмен қапталған. Аталмыш компания мамандары қазіргі уақытта арнайы мобилді қосымша жасап жатыр. Оның көмегімен "ақылды" құлпытастағы мәліметтерді өзгертуге, толықтыруға, т.б. болады.Бұл инновациялық жобаның құны үш мың доллардан асып жығылады. 

0 пікір
Мұрағат