"Мәскеумен басқаша сөйлесу" - татарлардың мәселесін шеше ме?
"Мәскеумен басқаша сөйлесу" - татарлардың мәселесін шеше ме?
7 жыл бұрын 3723 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

«Коммерсантъ» мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, Бүкіл татарлық қоғамдық орталық құрылтайының делегаттары Татарстан билігіне федералды орталықпен құзыреттілікті шектеуге қатысты мүлдем жаңа келісім-шарт бекітуді талап етті. Сәуірдің 8-і күні өткен айтулы шарада қарастырылған құжатқа республика табысының 70%-ын өзінде қалдыру қажеттілігін жазуды талап еткен. Сондай-ақ, татар тілін Ресей Федерациясының екінші мемлекеттік тілі етіп бекітуді ұсынған. Өйткені, татарлардың тек үштен бірі ғана Татарстанда ғана тұрады, қалғаны РФ-ның әр түкпірінде өмір сүріп жатыр. Бұған қоса, құрылтай делегаттары Татар ұлттық университетін ашуды,  татарлардың федералды телеарнасын ашуды талап ұсынып отыр. Аталмыш жиында қабылданған қарарда айтылғандай, жаңа құжат федералды мемлекетке қойылатын талаптар бойынша әзірленуі керек және 1992 жылғы "Татарстанның мемлекеттік мәртебесі туралы референдумдағы халықтың қалауын" ескерілуі тиіс. Сөз орайы келгенде жақша ішіне алып, айта кетсек, аталған жылы өткен референдумда республика тұрғындары Татарстанның "егеменді мемлекет, халықаралық құқық субьектісі" ретінде ресми тану үшін дауыс берген болатын. 

0 пікір
Мұрағат