|
Америкалық азамат қолмен басқарылатын аса қуатты лазерды сынақтан өткізді (видео)
|
Антони Дрейк (Anthony Drake) есімді америкалық өнертапқыш және блогер тұрақты түрде 250 ватт қуат бере алатын, қолмен басқарылатын лазер әзірлеп, сынақтан өткізді. Жаңа құрылғы ең қуатты қол лазері болып саналады. Бұл жайында islam.kz порталы techeblog.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол ерекше лазерді шаруашылық заттарды сататын дүкенінен диодтар массивін, оптиканы, кернеу реттегішті, температура датчигін, вольтметрді және литий-ионды аккумуляторларды сатып алып, өз бетінше құрылғыны құрастырған екен. Қолмен басқарылатын лазерлік адамның көзін қарықтырып, уақытша соқыр етіп тастайды және теріні, яғни, тиген жерін күйдіреді. Құрылғы шыныны балқыта алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды