Әлемдегі теңдесі жоқ қондырғы іске қосылды
Әлемдегі теңдесі жоқ қондырғы  іске қосылды
2 ай бұрын 3300 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Globallookpress.com

Шотландияның солтүстігінде орын тепкен Оркней аралдарының біріндегі бұғазда  күллі әлем бойынша энергия өндіретін аса қуатты O2 бұғаз құбыры жұмыс істей бастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш        құбырды жасайтын Orbital Marine Power компаниясына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салмағы 680 тонна тартатын, ұзындығы 47 метрге жететін құбыр Ұлыбританиядағы екі мыңға тарта үйді электрмен қамтамасыз ете алады әрі атмосфераға бөлінетін CO2 газын жылына 2,2 тоннаға дейін азайта алады. Қондырғыдан электр энергиясы тұрғын үйлерге аталған конструкцияның қоректендіруші бөлігіндегі суасты кабелімен жабдықталады. O2 қондырғысының сыртқа тұрпаты мен пішіні кәдімгі ұшақты еске түсіреді. Понтонның қақ ортасынан екі жағына қарай  әрбіреуі 1 мегаватт (МВт) қуатты екі қанат бекітілген. Бұл қанаттардың ұшында 10 метрлік қалақты құбыр бар. Қалқымалы бекет теңіз түбінен төрт зәкірмен бекітілген. Шотландияның көлік, инфрақұрылым және байланыс министрлер кабинетінің хатшысы Майкл Мэтисон O2 қондырғысын елдің мақтанышы мен бренді ретінде атап отыр – таза энергетика өндіруде теңдесі жоқ құрал. Осы жылдың мамыр айының соңында Ұлыбритания таза энергия өндіруден әлем бойынша көш бастаған. Осы кондырғының арқасында. Теңізде тұрған қатты дауылдан аталған құбыр бірнеше сағаттың ішінде күллі елдің 62,5 пайызын электр энергиясымен қамтамасыз еткен.

0 пікір
Мұрағат