Қоқысты зиянсыз жолмен өңдеудің тәсілі табылды
Қоқысты зиянсыз жолмен өңдеудің тәсілі табылды
3 жыл бұрын 1384 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Ccsnorway.com

Норвегия қоршаған орта мен табиғатқа зиянды қоқыс өртейтін Varme зауытын көміртектен ада кәсіпорынға айналдырмақ. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осло қаласының басшысы Рэймонд Йохансен (Raymond Johansen) атмосферадан зиянды қалдықтарды аулайтын әрі жаһандық жылыну қарқын алған бүгінгі таңда кәсіпорынның жұмысын тоқтатпайтын қондырғы туралы тілге тиек етті. «Бір оқпен екі қоян атып алу» инновациялық тәсілі – экология тепе-теңдігінің бұзылуына алып келетін зиянды қоқыстардан қоршаған ортаға залал келтірмей құтылуға мүмкіндік беретін жоба турасында сөз болып отыр бұл арада. Дәлірегі, Ослодағы аталған зауытта орнатылатын арнайы қондырғы көміртек қалдығынсыз жылу мен энергия өндірмек. Бұл технология көміртекті атмосфеараға бөлінуін болдырмайды, яғни, ауаға зиянды қалдық бөлінбей тұрып аулайды. Бұл жобаға қаражаттың қомақты бөлігі (700 млн еуро, яғни, 826 млн доллар) Еуропалық одақ қорынан бөлінуі тиіс, дәлірегі, көміртекті төменгі деңгейге түсіретін инновация (EU’s low-carbon innovation fund) есебінен шешіледі. Тағы 300 млн еуро (354 млн доллар) мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Varme зауыты жылына 400 тоннаға дейінгі өңделмеген қоқысты өртейді екен, оның 50-100 тоннасы Ұлыбританияның тұрмыстық қоқысынан тұрады. Осы уақытқа дейін бұл зауыт Ослодағы қоршаған ортаға ең зиянды кәсіпорын саналып келген болатын. «Зиянды қалдықтарды аулайтын қондырғыны орнату Норвегияның қазбалы отын шикізатынан баламалы түріне шындап көшуді бідірмейді. Ұзақ мерзімді келешекте ел планетаны жаһандық жылынудан құтқару үшін өзінің мұнай-газ өнеркәсібін жоюына тура келеді. Біз жұмысшы күші мәселесі бойынша салаға тәуелділіктен арылуға ұзақ уақыт керек. Қазба отын индустриясында көптеген адам жұмыс істейді,  бұл жұмыссыздық проблемасын тудырады», деп түсіндірді Осло басшысы Рэймонд Йохансен. Осы жылдың маусым айының соңына таман норвегиялық Equinor компания өкілдері Ұлыбританияда күллі әлем бойынша атмосферадағы көміртекьі таза энергияға айналдыратын өнеркәсіп кешенін ашылғанын жаһанға жария еткен еді. Қондырғы парникті газды аулап, оны «көгілдір сутегіне» айналдырады, ол өз кезегінде Англияның шығысында орын тепкен Линкольншир графтығындағы Keadby электр стансасына жөнелтіледі.

0 пікір
Мұрағат