Адамзатты құтқару үшін микробиот қоймасы ашылды
Адамзатты құтқару үшін микробиот қоймасы ашылды
1 жыл бұрын 1156 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцариядағы медициналық микробиология институтының ғалымдары микробиотаның репозиториін (қоймасын) жасады. Аталмыш жоба өз кезегінде адамзатты жойылып кетуден құтқаруы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы dailymail.co.uk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамның ішектерінде тіршілік ететін бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар тағамның ыдырауында маңызды рөл атқарады, қоректік заттардың сіңуіне көмектеседі, сонымен қатар, организмнің басқа жүйелерінің қызметіне атсалысады. Алайда, микробиоттардың әралуандылығы кеміп келеді, міне, осындай себепке байланысты ғалымдар мұздатылған үлгілерін сақтау жобасына кірісті. Оларды қажет болған жағдайда қайта өсіруге болады. «Адамдар биологиялық әралуандылықтың не екенін, өсімдіктер мен жануарлардың жойылып бара жатқанын жақсы біледі. Дегенмен, егер піл өліп қалса, сіздің денсаулығыңызға байланысты ештеңе болмайды. Ал егер сіздің микробиомаңыз қандай да бір жолмен бұзылса, оның үлкен салдары ауыр болуы мүмкін», - дейді Егли есімді жоба авторы, дәрігер. Бүгінгі таңда бұл бағытта тер төгіп жүрген ғалымдар тобы 3000-ға жуық микробиот үлгісін жинаған екен, олардың көпшілігі Швейцария аумағынан жиналған. Дегенмен, зерттеушілер өз коллекциясын кеңейтуді қалайды, өйткені, микробиома аймақтар мен өмір салтына байланысты өзгереді. Пуэрто-Рико мен Эфиопиядан әкелінген бірнеше жүз жаңа үлгілер да кездеседі. Қазіргі уақытта үлгілер зертханалық мұздатқышта -80°С тұрақты температурада сақталады. Дегенмен, уақыт өте келе банк 100 000 үлгіге дейін өсуі керек. Қазір микробиологтар бүкіл коллекцияны сақтау үшін Альпі тауларында жасырылған ескі әскери бункерлерді қарастырып жатыр.

0 пікір
Мұрағат