Қытай электр энергиясын өндірудегі «лас» отын үлесін азайтуға дайын
Қытай электр энергиясын өндірудегі «лас» отын үлесін азайтуға дайын
1 жыл бұрын 1661 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Philimon Bulawayo / Reuters

Қытай билігі 2022 жылдың соңындағы 49,6 пайызбен салыстырғанда 2023 жылы электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 52 пайызға дейін арттыруға дайын. Мемлекеттің электр энергиясын өндірудегі «лас» отын үлесін азайтуға бел буғанын Bloomberg іскерлік ақпарат агенттігі Қытайдың электр энергетикалық кеңесінің есебіне сілтеме жасай отырып хаьарлады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл ретте атмосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшері бойынша көш бастап тұрған Қытай көмір және газ электр станцияларының құрылысын жеделдету туралы шешім қабылдады - олардың қуаты өткен жылғы 40 гигаваттпен салыстырғанда 70 гигаваттқа артады. Мұндай қадам әлемде электр қуатының тапшылығы мен жанармай бағасының тұрақсыздығы жағдайында Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Қытайдың таза энергияға көшуі республиканың шетелден, мысалы, Ресейден сатып алатын отын жеткізу көлемін қысқартуға көмектесетін негізгі факторлардың бірі болмақ. Бұған дейін Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) осындай перспективалар туралы хабарлаған болатын - аталған ұйымның болжамына сәйкес болашақта Ресейден мұнай мен газ экспорты 2021 жылғы деңгейге оралуы екіталай, 2030 жылға қарай елдің әлемдік нарықтағы үлесі азаяды, өйткені, жанармайға сұраныс азайып келеді. Мәселен, соңғы уақытта баламалы энергетиканы белсенді дамытып жатқан Еуропа 2022 жылдың наурызынан қыркүйекке дейін газдан 11 миллиард доллар үнемдей алған. Осы кезеңде күн және жел электр стансалары ЕО-ның электр қуатының 24 пайызын қамтамасыз етті, соның арқасында блок қосымша сегіз миллиард текше метр газды пайдаланудан бас тартты.

0 пікір
Мұрағат