Адам өмір сүре алмайтын жер аумағы ұлғайып келеді
Адам өмір сүре алмайтын жер аумағы ұлғайып келеді
1 ай бұрын 1369 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылынудан жарамсыз күйге түскен жер аумағы жылдан жылға ұлғайып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы Лондондағы королдік колледж ғалымдарының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың айтуынша, орташа ауа температурасы Целсия бойынша екі градусқа көтерілген жағдайда климат дағдарысынан зардап шегетін аумақтың көлемі үш есеге артады. Аптап ыстық орнайтын аймақтарда дені сау адамның өзі өмір сүре алмайды. Қазіргі уақытта құрлықтың шамамен 1,8%-да тіршілік тоқтаған. Егер жаһандық жылыну қарқыны бәсеңдемесе, мұндай жарамсыз жер көлемі Америка құрама штаттарының аумағындай алаңды алатын болады. Тіршілікке мүлдем қолайсыз немесе адамның өмір сүре алмайтын аймақтарға көп ұзамай Таяу Шығыстың, Африканың солтүстігінің, Үндістанның және Австралияның оңтүстігінің көп бөлігі кіретін болады. Мұндай ғаламдық апаттан шығудың жалғыз жолы – атмосфераға парникті газдарды бөлмеу.

0 пікір
Мұрағат