Иранның қару-жарақ арсеналы дрон тасымалдайтын алғашқы кемемен толықтырылды (видео)
|

Ислам революциясының сақшылар корпусының (Иранның саяси әрі әскери құрылымы) әскери-теңіз күштері «Шахид Бахман Багери» деп аталатын,ұшқышсық ұшатын аппараттарды тасымалдайтын алғашқы кемемен қару-жарақ арсеналын толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы FARS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Кореяның бұрынғы «Перарин» (Perarin) контейнерлік кемесінен қайта жабдықталған жаңа кеме ұзындығы 180 метр болатын аэрофинишерлер мен трамплині бар ұшу-қону жолағына ие. Бұл жолақ Qaher және Mohajer-6 сияқты аппараттарды іске қосуға мүмкіндік береді. Кеме iшiнде сол және оң жақ борттағы бөлiктерден люктер арқылы көтергiштік көмегімен түсiрiлетiн және көтерiлетiн жеңiл зымыран катерлерi мен теңiз дрондарын алып жүруге қабiлеттi. «Шахид Бахман Багери» Kowsar-222 жеңіл, бірталай мақсатта пайдаланылатын зымырандарының ұшыру қондырғыларын, сондай-ақ, бірнеше артиллериялық қондырғыларына ие болды.




