|
16 жасқа толмағандар WhatsApp мессенджерін қолдана алмайды
|
WhatsApp Еуропадағы қолданушыларының жасына шектеу қойды. Осылайша, белгілі мессенджерді қолданушылардың жасы 16-дан кіші болмауы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның блогына сілтеме жасап.
"Сіз еуропалық аймақтағы елде тұрсаңыз, біздің сервисті қолдану үшін 16 жастан кіші болмауыңыз керек", - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, басқа елдерде мессенджерді 13 жастан асқандар қолдана алады. WhatsApp қолданушылар жасын қалай анықтайтыны белгісіз. Бұл өзгертулер келесі жылы Еуроодақтың құпиялық заңын жаңартып, Ғаламтордағы ақпараттың қалай қолданып жатқанын айшық етуді талап ететінімен байланысты екені айтылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді