|
Адамның дене мүсінін айқындап тұратын киім киюге тыйым салынды
|
Түркіменстан билігі адамның дене мүсінін айқындап тұратын тар киімдерді киюге қатаң тыйым салды. Бұл жайында «Түркіменстанның баламалы жаңалықтары» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат ресурсының таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Түркіменстан аумағында тік силуэтті, яғни, адамның дене мүсінін жасыратын тігінен төменге төгіліп түскенғ білезікке дейін жабық киім киюге рұқсат етіліп отыр. Былайша айтқанда, шариғат талабына сай әдеппен киіну үлгісіне. Естеріңізге сала кетсек, кезінде хабарлағанымыздай, аталған елдің мемлекеттік мекемелерінде жұмыс істейтін, қызмет атқаратын әйелдерге боянуға, шолық киім киюге тыйым салынған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді