Зиянды тағамдарға тыйым салынады
Зиянды тағамдарға тыйым салынады
3 жыл бұрын 3808 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания билігі кеңінен етек алып келе жатқан семіздік індетімен күресу аясында ел аумағындағы сауда-саттық орындарында газдалған сусындар мен денсаулыққа зиянды тағамдарды сатуға тыйым салатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған тыйымның тағы бір талабы бойынша фастфудты интернетте жарнамалауға, саудалауға қарсы шара қабылдайды. 2022 жылдан бастап аталған тыйымдар толық қолданысқа енеді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтандыру орындарына да клиенттеріне газдалған сусындар мен денсаулыққа зиянды тағамдарды ұсынуға тыйым салынады. Ұлыбритания тұрғындарының 63 пайызы артық салмақтан немесе семіздіктен зардап шегеді. Осыған байланысты ел билігі қант немесе тұз мөлшері оғары өнімдер мен сусындарды маркілеуге қатысты талаптарты күшейтеді. Ал мейрамханаларда клиенттеріне ұсынылатын тағамның құнарлылық деңгейі көрсетілуі тиіс.

Ұқсас жаңалық: «Тамақты тауысып жемегендерге айыппұл салынады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/tamaqty-tauysyp-jemegenderge-aiyppul-salynady-14587/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат