Вегандар үшін маймылдарды құлға айналдырған
Вегандар үшін маймылдарды құлға айналдырған
1 жыл бұрын 1151 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Felix Kästle / Globallookpress.com

Тай елінде фермерлер вегандарға арналған сүт өндірісіндегі қажеттілікті өтеу үшін кокос жинау науқанына маймылдарды жегіп, құлша пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы The Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде тай фермерлерінің тропикалық жануарды ауыл шаруашылық плантацияларында жұмысқа жегетіні бұрыннан белгілі. Халықаралық жануарлар құқығын қорғау ұйымдары, соның ішінде РЕТА ұйымы әлем қауымдастығына дабыл қағып, тайлық фермерлердің бұл әрекетін сынға алып, айыптаса да бұдан тиісті қорытынды шығарылған емес. Бұдан бөлек, тай фермерлері маймылдарды шынжырлап, жұмыс істегісі келмегендерін таяқ астына алып, соққыға жығатыны да әшкере болған еді. Ол ол ма, қожайынын тістеп алмасы үшін олардың көбісінің тістері жұлынған. Бұл факті өз кезегінде маймылдар популяциясына қауіп төндіруде. Дәлірегі, олардың жойылуына ықпал етпек.

Ұқсас материалдар:

«Кокос сүтін өндірушілерді маймылдардың еңбегін қанап, құлша жұмысқа жекті деп айыптауда» (https://islam.kz/kk/news/alem/kokos-sutin-ondirushilerdi-maimyldardyn-enbegin-qanap-qulsha-jumysqa-jekti-dep-aiyptauda-17700/#gsc.tab=0);

«Фермерлердің маймылдарды құл ретінде қара жұмысқа жегіп келгендері әшкере болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/fermerlerdin-maimyldardy-qul-retinde-qara-jumysqa-jegip-kelgenderi-ashkere-boldy-13839/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат