Кокос сүтін өндірушілерді маймылдардың еңбегін қанап, құлша жұмысқа жекті деп айыптауда
Кокос сүтін өндірушілерді маймылдардың еңбегін қанап, құлша жұмысқа жекті деп айыптауда
1 жыл бұрын 1131 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

PETA жануарлар құқығын қорғайтын коммерциялық емес ұйым өкілдері Таиландтағы кокос сүтін өндірушілерді кокос жаңғағын жинау үшін маймылдарды еркінен тыс пайдаланып отыр деп айыптаған баспасөз хабарламасын таратты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, атамлмыш ұйым мұндай 57 фактіні тіркеген. Айыптаулардың дені HelloFresh сауда желісіне қарсы бағытталған. Десе де HelloFresh әкімшілігі өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарды және жабдықтаушылардан «жануарлар еңбегін пайдаланбайды» деп сендіретін құжаттарды ұсынды. Аталған компания жануарларды пайдаланатындармен әріптестік орнатпайтынын мәлімдеді. Дегенмен, HelloFresh өкілдері Таиландтың өзінде жабдықтаушыларды тексере ме әлде жай ғана олардың кепілдіктеріне сене ме - бұл басы ашық сауал күйінде қалып отыр. PETA келтірген мәлімет бойынша кокс плантацияларындағы маймылдарды қашып кетпесі үшін байлап ұстайды. Олардың күтімі сын ктермейді әрі тазалық талаптары сақталмаған, ең сорақысы – үзіліс бермейді, ұдайы кокос жинауға мәжбүр. Маймылдарды таяққа жығу фактілері кездеседі. Осы орайда HelloFresh компаниясының консервіленген кокос сүтінің нарықта жоғары сұранысқа ие екенін айта кетпекпіз. Тай елінде маймылдарды құлша жұмысқа жегу фактісінің осындан екі жыл бұрын орын алғанын айта кетпекпіз. Кокос сүтін денсаулыққа пайдалы азық ретінде тұтынады. Кокос сүті жануар сүтіндегі ақуызға аллергиясы барлар тарапынан жоғары бағаланады. 2023 жылға қарай кокос сүтінің әлемдік нарық айналымы 2,3 млрд доллардан аспақ. Кокос өнімдерін өндіруші елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Австралия, Филиппин және Үндістан бар. Тайланд та кокос өнімдері бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Сол себепті, Тайланд билігі жергілікті фермерлердің маймыл еңбегін пайдаланған әрекетіне көз жұма қарап отыр. Үйретуші мамандардың айтуынша, макак маймылы табиғатынан кокос жаңғағын теруге бейім жануар. Адамға қарағанда маймылдар ағашқа жақсы өрмелейді. 

Ұқсас материал:

«Фермерлердің маймылдарды құл ретінде қара жұмысқа жегіп келгендері әшкере болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/fermerlerdin-maimyldardy-qul-retinde-qara-jumysqa-jegip-kelgenderi-ashkere-boldy-13839/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат