|
Үш ірі мұсылман мемлекетінің одағына қосылуға мүмкіндігі бар тағы бір ел аталды
|
Таяуда, дәлірегі, өткен аптада Саудия, Түркия және Пәкістан қауіп төнген жағдайда бірігіп қорғану туралы өзара келісімге қол қойғанын хабарлаған болатынбыз (қараңыз: Үш ірі мұсылман елі жаудан бірігіп қорғануды қарастыратын стратегиялық құжатқа қол қояды). Тынышы қашқан Таяу шығыстағы күштер аралсалмағының өзгеруіне ықпал ететін стартегиялық келісімге болашақта қосылуға әлеуеті зор тағы бір мұсылман елі аталды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNN Türk телеарнасына осы тақырыпта сұхбат берген түрік вице-президенті Жеудет Йылмызға жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мекке келісімі» деген атауға ие болған аталмыш келісімге қатысты пікірін білдірген түрік сарапшысы бұл одақтың қандай да бір елге, соның ішінде Иранға қарсы құрылмағанын, тек қорғаныс және тежеуші мақсатында қолға алынған жоба екенін мәлімдеді. Осы аталған үш елдің біріне тікелей шабуыл жаасала қалған жағдайда әскери, дипломатиялық, саяси, экономикалық өзара көмек көрсету, барлау саласындағы іс-қимылды үйлестіру бағытында әрекет ететін болады. Десе де сарапшылар мұндай одақтың құрылуына ең алдымен Америка құрама штаттарының Саудия қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілікті толық өз мойнына алмауымен түсіндіреді. Бұдан бөлек, аймақтағы жанжал оты ұлғайып, бірнеше елді шарпып үлгерді. Газа секторындағы соғыс Ливан, Сирия, Ирак, Йемен, Иран және Парсы шығанағы елдеріне де таралды. Тұрақсыздық аймағы ұлғайып келеді.