Үндістанның жоғарғы соты Тәж-Махалда қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салды
Үндістанның жоғарғы соты Тәж-Махалда қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салды
2 ай бұрын 552 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның жоғарғы соты елдің археологиялық органының Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі кешенінің аумағында осы құрылыстың нақты жасын анықтау үшін қазба жұмыстарын бастау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Hindu мерзімді басылымына жөн сілтеген Islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Археологтар Тәж-Махалдың салынған уақыты көрсетілген парсы тіліндегі қолжазбаның жоғалып кеткенін алға тартып отыр. Жоғарғы сот Тәж-Махалдың жасын бұрынғыдай, яғни,  1632 жылдан бастап есептеу керек, деп шешім қабылдады. Қазан айында Үндістанның жоғарғы соты Тәж-Махалға қатысты «тарихи фактілерді анықтау» және ескерткіш орнында «22 бөлме ашу» туралы өтінішті қабылдамады. 2017 жылдан бері биліктегі ұлтшыл ​​​​Бхарата Жаната партиясының депутаты Уинай Катиар Тәж-Махал - Моғол әулетінен шыққан Үндістанның мұсылман билеушілері өз мақсаттары үшін өзгерткен Теджо Махалая деп аталатын ежелгі үнді ғибадатханасы деп мәлімдегенін айта кетпекпіз. Тәж-Махал тарихы 17 ғасырға барып тіреледі - Моғол императоры Шах Жаһанның пәрменімен 14-ші баласын босану кезінде қайтыс болған марқұм әйелі Мұмтаздың құрметіне салдырған. Сәулеті өзгеше құрылысқа Үндістанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, Парсы, Бұхара, Араб елдерінен жиналған 20 мыңнан астам қолөнершілер - тас қалаушылар, оюшылар, т.б. тартылды. Кесене құрылысы 20 жыл бойы жүргізілген.

0 пікір
Мұрағат