|
Түркияда мұнай табылды
|
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жақын арада Шырнақтағы мұнай кен орындарының ашылғанын жариялайды. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұнай қоры туралы мақаласында шолушы Йаууз Донаттың айтуынша, Режеп Тайып Ердоған алдағы күндері мәлімдеме жасайды. «Донаттың облыстағы мамандардан алған мәліметіне сүйенсек, Шырнақта жаңа ұңғымалар қазылып жатыр және қор көлемі айтарлықтай. Міне, Түркияны қуантатын жаңалық» деп жазады аталғын мерзімді басылым. Габар тауы маңындағы аймақта шикізат өндірудің ықтимал көлемі тәулігіне 5 мың баррелге бағаланып отыр, бұл көрсеткішті 20 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бары да айтылған. Мұнайдың жалпы мөлшеріі 250 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті