Үндістанда сутегімен жүретін алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты
Үндістанда сутегімен жүретін алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты
1 сағат бұрын 47 kaz.inform.kz Айдар Оспаналиев, Зарина Туғанбаева

 KAZINFORM – Үндістан экологиялық таза көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында тағы бір маңызды қадам жасап, елдегі алғашқы сутек отынымен жүретін жолаушылар пойызын іске қосты, деп хабарлайды Анадолы.

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди сутек отынын пайдаланатын алғашқы жолаушылар пойызының жолға шыққанын ресми түрде бастады. Жаңа пойыз елдің солтүстігіндегі Харьяна штатындағы Джинд пен Сонипат аудандары арасында қатынайды.

– Үндістан экологиялық таза көлік жүйесін дамыту жолында маңызды қадам жасады, – деп жазды Нарендра Моди іске қосу рәсімінен кейін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Үндістанның Баспасөз және ақпарат бюросының мәліметінше, жоба сутекті сақтау, құю және пайдалану инфрақұрылымымен қатар, заманауи тартқыш технологияларды біріктіреді.

Жаңа пойыз 2 600 жолаушыны тасымалдауға есептелген. Осылайша, ол елдегі экологиялық таза теміржол жобаларының ең ірілерінің біріне айналды.

0 пікір
Мұрағат