Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
Еуропа елінде алғаш рет шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін студенттер жатақанасы ашылды
34 минут бұрын 55 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: ILM Students Halls

Шотландияда халал стандарты бойынша жұмыс істейтін студенттер жатақханасы ашылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі Еуропадағы алғашқы халал стандарты басшылыққа алынатын жатақхана Данди қаласында орналасқан және Данди университетінің, Абертай университетінің және Әулие Эндрю жоғарғы оқу орнының мұсылман студенттеріне арналған. "Бұл орын мұсылман студенттерге ортақ асханада тамақтану және басқа оқушылармен бірге тамақтану кезінде өздерін жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Ғимараттың барлық қоғамдық кеңістігінде спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынады, тазалық пен оқуға қолайлы атмосфера сақталады", - деп хабарлады ғимаратққа иелік ететін ILM Halal Student Halls компаниясы. Аталмыш фирма студенттерге шариғат талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйді жалға беретін Ұлыбританиядағы алғашқы компания ретінде танымал. Жатақханада тұру бағасы аптасына 165 фунттан басталады. Тұрғын бөлмелерден басқа ғимаратта жаттығу залы, массаж креслосы, шағын кинотеатр және намаз оқу бөлмесі бар. Жатақханадағы орындар, егер олар тұру ережелерін сақтайтын болса, барлық наным-сенімдегі студенттерге де беріледі.

0 пікір
Мұрағат