Үндістанда бай тұрғындар қарасы артады
Үндістанда бай тұрғындар қарасы артады
4 ай бұрын 476 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Danish Siddiqui / Reuters

Үндістан экономикасы халық санының көптігіне байланысты тұтыну сұранысына байланысты өседі. Бұл жайында islam.kz порталы CNBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, McKinsey & Company компаниясының Мумбайдағы кеңсесінің серіктесі Абхишек Малхотра Үндістанда саяхатқа, зергерлік бұйымдарға, мейрамханаларға шығындар артып келеді. Бұл тенденция халық табысының артқанын әйгілейді. Қазіргі уақытта елдегі 60 миллион адам (Үндістанның бүкіл еңбекке жарамды жастағы адамдардың шамамен 4 пайызы) ауқатты деп саналады және жылына 10 000 доллардан астам табыс табады. Goldman Sachs қаржы ұйымының сарапшылары 2027 жылға қарай Үндістанда мұндай табысы бар адамдардың үлесі 100 миллионға дейін артатынын болжап отыр. Салыстыру үшін айтсақ, 2015 жылы мұндай ауқатты азаматтардың саны 24 миллионнан аспаған еді. Тұтыну нарығы орташа және жоғары табысы бар үй шаруашылықтары санының өсуіне байланысты 2027 жылға қарай әлемдегі үшінші ірі нарыққа айналуы мүмкін. Табыстың өсуі, сондай-ақ, соңғы үш жылда капиталы 80 пайыздан асқан акциялар нарығындағы ішкі қаржы мөлшерінен де байқауға болады. Өткен жылдың желтоқсан айында Үндістан Гонконгты басып озып, қор нарығы бойынша әлемде жетінші орынға шыққан еді. Бұдан бөлек, инвестициядасы өсімнен басқа алтын мен жылжымайтын мүлікке сұраныс күрт артқан.

Ұқсас материалдар:

«Азиядағы тағы бір аса ірі экономика халықтың қартаюынан зардап шегетін болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/aziyadagy-tagy-bir-asa-iri-ekonomika-halyqtyn-qartayuynan-zardap-shegetin-boldy-19247/#gsc.tab=0);

«Үндістан да Қытайдан қалыспай, африкалық елдерді несиемен матап тастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/undistan-da-qytaidan-qalyspai-afrikalyq-elderdi-nesiemen-matap-tastady-18873/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат