Азиядағы тағы бір аса ірі экономика халықтың қартаюынан зардап шегетін болды
Азиядағы тағы бір аса ірі экономика халықтың қартаюынан зардап шегетін болды
10 ай бұрын 743 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға қарай Үндістан халықтың қартаю қиындығымен бетпе-бет келеді. Дәлірегі, қарттар қарасы екі есеге артып, балалар санынан асып түсетін болады. Демографиялық тенденция өз кезегінде әлемның бесінші экономикасы атанған елдің әлеуетіне сызат түсіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрғындар жөніндегі қорының есебінде келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азияның оңтүстігіндегі елде 60 жастан асқан адамдар саны 2022 жылы 149 миллионнан 2050 жылға қарай 347 миллионға дейін өседі. Яғни, халықтың қартаю процесі шапшаң жүруде. Қазіргі уақытта Үндістан халқы саны жағынан әлемде бірінші орынға шыққан ел ғана емес, сонымен бірге, «ең жас» мемлекет ретінде алға шығады: азаматтарының 65 пайызын 35 жасқа дейінгілер құрап отыр. Дегенмен, БҰҰ сарапшылары 2022-2050 жылдар аралығында үнді халқының жалпы саны 18 пайызға, ал қарт адамдар саны сол уақытта 134 пайызға артатынын болжап отыр. Бұл ретте 80 жастан асқан тұрғындардың саны үш есеге жуық артады (279 пайызға жетпек). 2050 жылға қарай Үндістандағы әрбір бесінші адам қарттыққа бой алдырғандардан тұрады. Халықтың қартаю процесі жаһандық сипат алғандықтан күллі әлемдегі жасы 60-тан асқандар қарасы 2050 жылға қарай 2,1 млрд адамға жететінін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат