Мұсылман елі аса құнды ресурс бойынша ОПЕК баламасын құруды ұсынды
Мұсылман елі аса құнды ресурс бойынша ОПЕК баламасын құруды ұсынды
2 жыл бұрын 1240 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: nwht.ru

Индонезия аккумуляторлар үшін пайдаланылатын никел мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіретін елдер үшін ОПЕК тәрізді құрылым құру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің инвестиция министрі Бахлил Лахадалианың бұл бағыттағы жасаған мәлімдемесіне жөн сілтеген Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Мен әлеуетті инвесторлар мен тұтынушылар үшін болжамдылықты қамтамасыз ететін мұнай саудасын басқару үшін ОПЕК құрудың қаншалықты маңызды екенін білемін. Индонезия никел, кобальт және марганецті қоса алғанда, біздің пайдалы қазбаларымыз үшін ұқсас басқару құрылымын құру мүмкіндігін зерттеп жатыр», деп мәлімдеген еді индонезиялық лауазымды тұлға. Осылай деген ол Индонезия билігінің бұл тарапта әлі де болашақ ұйымның құрылымымен жұмыс істеп жатқанын және бұл ұсынысты никел өндіретін басқа елдерге әлі жібермегенін айтты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау мұсылман еліндегі никел ресурсы әлемдік қордың төрттен бірін құрайды, аталмыш металды өндіру бойынша көшбасшы. Никел өндіруде Ресей, Канада және Австралия жетекші орындарға ие.

0 пікір
Мұрағат