Үнді мұсылмандары интернеттен ажыратылып, елде төтенше жағдай жарияланды
Үнді мұсылмандары интернеттен ажыратылып, елде төтенше жағдай жарияланды
2 жыл бұрын 3322 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен аптада Үндістанда Пайғамбарлар падишасы (Алланың сәлемі мен игліні болсын) мен жұбайы Айшаға (р.а.) тіл тигізген билік басындағы партия өкілі Нупур Шарманың бұл әрекеті осы уақытқа дейін түрлі саяси науқанның жетегінде дініне байланысты кемсітушілікке ұшырап келгендіктен шыдамы шегіне жеткен үнді мұсылмандарының наразылығын оятты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үндістанның билік тізгінін ұстап тұрған партия өкілдері Нупур Шарма мен оның сыбайласы Құмар Жындал исі мұсылман қастер тұтатын тұлғалаларға тіл тигізгені үшін партия қатарынан шығарылды, олардың үстінен дінаралық араздық пен алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Алайда, олардың бұл әрекеті тек осы елдегі азшылықты құрағанымен әлемдегі қарасы көп Үндістандағы мұсылмандарының нарзылығын тудырып қоймай, сонымен қатар, мұсылман елдері Үнді билігіне наразылық білдіріп, әрекетін сынға алып, қатаң айыптаған болатын. Мұнымен ғана шекеліп қалмай, Таяу Шығыс елдері үнді тауарларына байкот жариялап, дүкен сөрелерінен алып тастап жатыр. Үнді радикалдары тарапынан түрлі қысым мен қуғын-сүргінге ұшыраған жергілікті мұсылмандар наразылығына сыздап тұрған шиқанның  бетін инемен түртіп жібергендей әсер етті билік басындағы партия өкілдерінің әрекеті. Бұдан бөлек, Үндістан билігінің мұсылман елдерімен, әсіресе, үнді мигранттары бірнеше он миллиондап нәпақасын айырып жүрген Таяу шығыстағы мұсылман елдерімен қырғи қабақ болғысы келмейді. Үндістанның түрлі штаттарында жергілікті мұсылмандар наным-сенім бостандығын, адам құқығын талап етіп жатыр. Ранши қаласында орын алған шеру кезіндегі полициямен қақтығыста екі жасөспірім қаза тапты. Ал мұсылмандар қарасы көп Уттар-Прадеш штатында тәртіп сақшылары 300 адамды тұтқындап, қолына кісен салды. Батыс Бенгалияда маусым айының 16-на дейін жаппай жиналуға тыйым салатын төтенше жағдай жарияланды. Интернетте бұл жағдайға көзқарасын білдірген әлеуметтік желі пайдаланушылардан тағы 70 адам қамауға алынды. Екі күнге Үндістан аумағында интернет ажыратылды.

 

0 пікір
Мұрағат