Қажылық министрлігі «Ақылды қажы» қолданбасын іске қосады
Қажылық министрлігі «Ақылды қажы» қолданбасын іске қосады
2 жыл бұрын 1237 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Smart Pilgrim

Саудияның қажылық және ұмра министрлігі заманауи технология мүмкіндіктерін қажылық кезінде кеңінен пайдалануға арналған Smart Pilgrim қосымшасын биылдан қалмай іске қосады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш қолданба қажыларға  қажыларға қызмет көрсетушілерімен байланысуға және кез келген көңіліне қаяу түсірген жайттарды министрлікке хабарлауға мүмкіндік береді, ол ескертулер мен шағымдарды кідіріссіз қарауға және қажылықты бұзған қызмет провайдерлеріне жұмсақтық танытуға міндетті. Қажылық және ұмра министрінің орынбасары Хишам Саид алдағы қажылық маусымында қажыларға жақсырақ қызмет көрсету үшін үш негізгі қолданбаны іске қосумен қатар, қажылық смарт-карта қызметтерін кеңейтетінін жеткізді. Осылай деген ол қажыларды толғандырған немесе көңіліне кірбің түсірген мәселе дер уақытында шешімін таппаса, шағым автоматты түрде атталмыг министрлікке қайта жолданатынын да атап өтті. Қажылар шағымы бойынша мәселені шеу үшін жедел әрекет ету тобы іске кірісетін болады.

0 пікір
Мұрағат