|
Ұмраға келген шетелдік қажылар саны 3 жылда 2 еседен аса көбейген
|
Қажылық және ұмра министрі Таупық әл Рәбия ұмраға шетелден келгендер қарасы 2022 жылы шамамен 8,4 млн адамнан 2025 жылы 18 млн адамға дейін көбейгенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы Saudi Gazette мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мерзім аралығында қасиетті Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітіндегі әл Рауда әл Шәріпке (Екі әлем Сардары (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мен оның сахабалары (Алла олардан разы болсын) жерленген орын) келгендер саны 6 млн адамнан 16 млн адамға дейін өскен. Тек бір ғана 2024 жылы осынау киелі орынға 10 млн адам арнайы бас сұққан. Бұған исі мұсылман қастер тұтатын қасиетті орын туралы ақпараттың цифрлы платформалар арқылы кеңінен тарағаны әрі қажыларға көрсетілетін қызметтер сапасының артқаны себеп болған.