Ұлыбритания экономикасы семіздіктен күйреуге бет алып барады
Ұлыбритания экономикасы семіздіктен күйреуге бет алып барады
7 сағат бұрын 99 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Jack Taylor / Reuters

Бірнеше жүздеген мың британдық артық салмағына байланысты еңбек ету қабілетінін айырылған. Әлеуметтік сипат алған семіздік індеті ел экономикасына кері әсерін тигізе бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінле Йорк университетінің арнайы зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген Telegraph мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта Ұлыбритаинияда 600 мыңнан аса адам семіздіктен зардап шегеді. Ағылшын ғалымдары британдық UK Biobank ірі биомедициналық дерекқордың параметрлерін талдады. Салмағы артық британдықтардың төрт пайызы тек салмағына байланысты жұмыс істемейтін болып шықты. Авторлардың ескертуінше, британдық экономика осы аурудан зардап шегетін адамдардың кесірінен қосымша шығынға ұшырауы мүмкін. Мұндай азаматтар қалыпты салмағы бар қызметкерлерге қарағанда екі есе көп демалыс алады. Сонымен қатар, үкімет жұмыссыздарға салмақ жоғалту үшін дәрі егуді бастайтын бағдарламаларды жариялауды шешті. Болашақта бұл шара олардың жұмысқа қайта оралуына және жұмыс істеуін қалпына келтіруге көмектеседі

0 пікір
Мұрағат