|
АСЕАН ислам қаржы индустриясы биыл 1 трлн доллардан асады
|
Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы құрамына 11 мемлекет (Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Вьетнам, Лаос, Мьянма, Камбоджа және Шығыс Тимор) кіретін АСЕАН ұйымындағы ислами қаржы негізінде осы өңірдегі үш мұсылман елінде (Малайзия, Индонезия және Бруней) шоғырланған. Бұл жайында islam.kz порталы Аsian Banking and Finance ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал ислам активтері қалған АСЕАН елдерінде шектеулі. Standard & Poor's және Moody's секілді әлемге әйгілі әрі беделді үш халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі - Fitch Ratings дерегіне сәйкес АСЕАН исламдық қаржы саласы 2026 жылдың соңына қарай 1 триллион доллардан асады. Малайзия, Индонезия және Бруней мұсылмандардың көптігінің арқасында бұл салада көш бастаған. Тек мұсылман халқының санымен ғана емес, сонымен қатар,Парсы шығанағының ынтымақтастық кеңесі (GCC) елдерімен қарым-қатынастары арқасында да осындай жетістікке қол жеткізіп отыр. Бір триллион доллардан асып кету ықтималдығына қарамастан, ислам қаржысына деген сұраныс АСЕАН-дың барлық елдерінде стихиялы күйінде қалып отыр. Сингапурда, Филиппинде және Таиландтаислам қаржысының ауқымы шектеулі, сондай-ақ, Вьетнам, Лаос, Камбоджа және Мьянмада да дамуы кенжелеп қалған. Осы аталған елдердегі мұсылмандар санының аздығы және нормативтік базаның жоқтығы ислами қаржы нарығының дамуын кері тартатын факторға айналған. Малайзия - АСЕАН-дағы активтері шамамен 300 млрд доллар болатын ислам банкингінің ірі нарығы, ал исламдық қаржы 2025 жылдың алғашқы жарты жылының соңына таман жалпы қаржының 42% -ын құрады. Индонезияның исламдық банк активтері 2025 жылдың алғашқы төрт айында 56 млрд долларды құрады, бұл көрсеткіш елдегі банк жүйесінің жалпы айналымының 7% -ын құрайды. АСЕАН-дағы Sukuk сомасы 2025 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына қарай 475 млрд долларға немесе капитал борышының (DCM) 16% -ына жетті. Малайзия мен Индонезия, яғни, қос ел бірге әлемдік сукук нарығының 47% -на ие болып отыр. Sukuk Outstanding Малайзияның борыш капиталының 59% -ын және Индонезияның 18% -ын құрайды. Бруней ислам банктері 10 млрд долларға жуық активке ие болды, бұл көрсеткіш 2024 жылдың соңындағы мәлімет бойынша банк активтерінің жалпы көлемінің 63% -ын құрады. Филиппин ислам банкінің активтері 20 миллион долларға жуық; Таиландтың жалғыз ислам банкінің активтері 2025 жылдың бірінші тоқсанының соңындағы мағлұмат бойынша 2,8 млрд доллар мөлшерінде болды.