Криптоиндустрия жасанды зердеге негізделген агенттік экономикаға көшуі мүмкін
Криптоиндустрия жасанды зердеге негізделген агенттік экономикаға көшуі мүмкін
2 сағат бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сарапшылар Гонконгта өтетін Web3 фестиваліне жиналады, себебі, компаниялар 2030 жылға қарай жасанды зерде агенттері күллі әлем бойынша 5 триллион АҚШ долларына дейін  криптовалюталарды сатаа алатынын болжап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post Publishers Ltd. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар қоршаған орта факторларын ескеретін, өз бетінше шешім қабылдайтын және тәулік бойы дербес әрекет ететін AI агенттері өздерінің толық экономикалық әлеуетін ашатын құралдарға зәру екенін алға тартып отыр. Бұдан бөлек,  cryptocurrency-дің  (криптовалюта) қаражатты  шекарадан рұқсатсыз жедел аудару мүмкіндігін пайдаланудың уақыты келгендігін тілге тиек етті. McKinsey жаһандық консалтингтік компаниясы 2030 жылға қарай AI агенттері әлемдік тұтыну саудасының айналымын 3 триллионнан 5 триллионға дейін АҚШ долларын қамтамасыз ете алады, деп бағалайды. Алайда, сарапшылар қазіргі қаржы рельстері мұндай агенттерге жарамайтынын, яғни, олардың банк жүйелеріне оңай қол жеткізе алмайтынын немесе ірі төлемдерді өз бетінше орындай алмайтынын атап өтті. «Web3 беделді делдалдарға қажеттілікті қоспағанда детерминирленген ережелерді ұсынады және автоматты түрде жұмыс істей алады», - деп толықтырды ол. HashKey Exchange Business Group бас директоры Ру Хайянның айтуынша, осы сала ойыншыларының АІ-агенттерге бағытталған Web3 инфрақұрылымын дамыта бастаған. Coinbase 2025 жылдың мамыр айында бұл бағытта алғашқылардың бірі болып қадам жасады,  дәлірегі, x402 - төлем хаттамасын ұсынды: ол AI агенттері үшін стейблкоин транзакцияларын бірден жүргізуге мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, Paradigm және Stripe AI агенттеріне ақы төлеуге бағытталған Tempo блокчейнін іске қосты, ал MoonPay Open Wallet Standard стандартын іске қосты - AI агенттерінің қаражатты сақтауына және транзакцияларды бірнеше блокчейндерде орындауына бағытталған хаттама ретінде алға шығады. 

0 пікір
Мұрағат