|
Түркияда 2040 жылдан бастап темекі өнімдеріне толық тыйым салынады
|
Түркияның заң шығарушы органы 2040 жылға таман темекі өнімдерін өндіруге, жарнамалауға, сатуға, тасымалдауға, шылым шегуге толық тыйым салу көзделген заң жобасын әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасын билік басындағы әділет және даму партиясының өкілдері республиканы Еуропамен интеграциялау мақсатында дайындады. Аталған заң жобасы мақұлданған жағдайда жаңа ереже талаптары Түркиядағы 19 миллионға жуық темекі тұтынушылардың жат әдеттен арылуына ықпал етуі тиіс. 2040 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап заң қолданысқа енгеннен кейін темекі өнімдерін өндірушілер, импорттаушылар және сатушылар 1-ден 5 млн түрік лиріне (20-110 мың доллар) дейін айыппұл салынады. Темекі бұйымдарын немесе темекі шегуге арналған құрылғыларды сатып алатын немесе оларды иеленетін тұлғаларға да айтарлықтай айыппұл салынады. Заң жобасыда темекі бұйымдарының анықтамасы да жаңартылады. Бұл тізімге тек әдеттегі шылым түрлері ғана емес, сонымен бірге, электронды темекілер, темекіні қыздыруға арналған құрылғылар, құрамында органикалық немесе синтетикалық никотин кездесетін барлық жүйелер, сондай-ақ, құрамында темекі болмаса да темекіні имитациялайтын өнімдер кіретін болады.