Араб елі қасиетті Құранды зерделеуге арналған цифрлы қолданбаны іске қосты
Араб елі қасиетті Құранды зерделеуге арналған цифрлы қолданбаны іске қосты
1 сағат бұрын 39 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Марокконың қайырымдылық және ислам істері жөніндегі министрлігі қасиетті Құранды оқу процесін жеңілдететін, грамматикалық талдауға (и'раб), тәпсірге (Құран түсіндірмесіне) арналған, сондай-ақ, аудармаға арналған цифрлы қосымшасын - Moushaf Mohammadi қолданбасын іске қосқанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Yabiladi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрліктің мәліметінше, мұндай бастама Құранды таратуға, цифрлы трансформацияны қолдауға және Уарш «ан Нафи» оқу мәтініне қол жеткізу мүмкіндігін жақсартуға бағытталған. Аталған қосымша Марокко аумағындағы және шетелдегі пайдаланушыларға Құран аяттарына толық қол жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ, тәпсірді, және араб, ағылшын, испан және француз тілдеріндегі аудармаларды қоса алғанда ғылыми материалдардың кең спектрін ұсынады. Бұдан бөлек мароккандық кейбір танымал қарилардың оқу мәнерін тыңдауға мүмкіндік береді, оқу мен аудио арасында бірқалыпты навигацияны, сондай-ақ, байланысты ғылыми материалдарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қосымша функциялар пайдаланушыларға өзі қалаған немесе таңдаған үзінділерді қайталауға мүмкіндік беретін есте сақтауға жәрдемдесетін көмекшіні, құбыласы көрсетілген қалалар бойынша намаз уақытын, сондай-ақ, Құранның арнасы мен радиосына сілтемелерді қамтиды. Бағдарлама, сонымен қатар, пайдаланушыларға зерттеуге арналған немесе бейімделген қаріптері бар компьютерге Құран мәтінін көшіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ, аяттарды іздеуге, навигацияны табуға және мазмұнға жылдам кіруге арналған құралдарды ұсынады. Цифрлф Moushaf Mohammadi қолданбасын Google Play және App Store-да жүктеп алуға болады, сондай-ақ, министрліктің сайтынан таба аласыз: https://almoshaf-almohammadi.ma/ (المصحف المحمدي الرقمي مع التلاوة وبيان الإعراب والتفسير والترجمة)

0 пікір
Мұрағат