Күн энериясымен жұмыс істейтін квадрокоптер бес сағаттан аса ұшты (видео)
Күн энериясымен жұмыс істейтін квадрокоптер бес сағаттан аса ұшты (видео)
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Люк Белл есімді жас жігіт пен оның әкесі күн панелінің есебінен ғана әуе сағаттар бойы қалықтап тұратын дрон құрастырды. Аппараттың ұшуы техникалық шектеулерден емес, оператордың шаршағандығынан тоқтатылды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік африкалық әуесқой инженер әкесімен бірге күн панелі бар жеңіл квадрокоптер жасады. Олар аппараттың әуеде күн энергиясымен қаншалықты қалықтай алатынын тексеріп көрді. Дрон бес сағаттан астам уақыт бойы қалықтап тұрды. Ұшу аппараты қуат тапшылығынан емес, оператор шаршағандықтан тоқтатылды. Аппараттың конструкция қарапайым және жеңіл болып шықты: Х түріндегі карбонды рама және диаметрі шамамен 46 сантиметр болатын ірі бұрандалар. Рамаға 28 панел орнатылды. Күн жарқыраған кезде олар 110 ватттан артық қуат шығарады. Ұшу үшін дронға шамамен 70 ватт қажет, сондықтан артық энергия батареяға кетеді. Күн бұлтты немесе жаңбыр жауып тұрғанда немесе жел күшейгенде артық қуат ұшуға көмектеседі. Мұндай аппарат ауыл шаруашылығында, ауылдық жерлерді таспаға тартып алуда, нысандарды тексеруде, т.б. ұзақ уақыт ұшуды қажет ететін тапсырмалар мен міндеттерді орындауда пайдаланылуы мүмкін. Десе де ықшам аппараттың басты кедергісі немесе кемшілігі - жел. Жел екпініне қарсы тұру немесе желмен бірге ығып кетпеудің амалдарын қарастырып жатыр.

 

0 пікір
Мұрағат