Түркия келесі жылдан бастап өз газын өндіреді
Түркия келесі жылдан бастап өз газын өндіреді
2 жыл бұрын 1356 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Amir Cohen / Reuters

Түркия Қара теңіздегі Сакария кен орнынан газ өндіруді 2023 жылдың алғашқы тоқсанынан бастайды. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah  мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия билігі Қара теңізден 540 млрд текше метр газ өндіруге әрі тасымалдауға ондаған млрд доллар қаражат бөлуді көздеп отыр. Бұл тарапта аталған кен орнынан өндірілген табиғи газды өңдейтін өнеркәсіп кешенін салуды да жоспарлап отыр. Аталмыш кен орны Қара теңіздегі Түркия жағалауынан шамамен 150 шақырым қашық орналасқан. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның пәрменімен аталмыш кен орны мемлекет қолдауы көрсетілетін салаға жатқызылған болатын. Осы орайда Түркияның газ импортына, соның ішінде Ресей газына тәуелді ел екенін айта кету керек. Сакария кен орнындағы газ аталған елдің газ импортын төрттен біріне, яғни, ширек бөлігіне азайтуға мүмкіндік бермек. Сакария газы Қара теңіз түбінен тартылған құбыр арқылы тасымалданады. Бұрын түріктер мен немістердің Deutsche Bank ортақ қаржы мекемесі сұйытылған табиғи газ сатып алуға бір млрд еуро мөлшерінде қаржы бөлуге қатысты келіссөз сәтті аяқталған еді. Бұл жоба да ресейлік көгілдір отын импортын қысқартуға көмектеседі. Бұдан бөлек, Түркия билігі Қара теңізде барлау жұмыстарын жүргізетін Turkish Petroleum компаниясының салық ауыртпалығын жеңілдетпек – осылайша мемлекеттің мұндай қолдау түрінің арқасында аталмыш компания шамамен 145 млрд лира үнемдейтін болады. 

Ұқсас материалдар:

«Түркияны энергетикалық тәуелділіктен құтқаратын кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyany-energetikalyq-taueldilikten-qutqaratyn-ken-orny-tabyldy-14019/#gsc.tab=0);

«Түріктер тағы бір газ кен орнын тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-tagy-bir-gaz-ken-ornyn-tapty-14277/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат