|
Түріктер тағы бір газ кен орнын тапты
|
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қазан айының 17-сі күні Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасында Қара теңіз аумағынан тағы бір табиғи газдың кен орны табылғанын жария етті. Аталған кен орныннан табылған табиғи газдың барланған қоры 85 млрд текше метрді құрап отыр. Осы орайда биыл, дәлірегі, 2020 жылдың тамыз айында түріктердің Faith бұрғылау кемесінің Қара теңізден ел тарихындағы аса ірі табиғи газдың кенін (газ қоры - 320 млрд текше метр) тапқанын естеріңізге сала кеткіміз келеді. Осылайша Түркияның табиғи газ мөлшері жалпы есеп бойынша 400 млрд текше метрден асты. Қоры 85 млрд текше метрді құрайтын газ кенін 2023 жылдан бастап игеріле бастайтынын айта кеткіміз келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді