Түркия газ тәуелділігінен біржола құтылудың мерзімін атады
Түркия газ тәуелділігінен біржола құтылудың мерзімін атады
1 жыл бұрын 1009 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kacper Pempel / Reuters

Түркияның мұнай корпорациясының (TPAO) директоры Мелік Хан Білгін Түркияның газ имортынан 2030 жылы толық бас тартатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Sabah мерзімді басылымын сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, жанармай жеткізуден бас тарту Түркияға федералды бюджет тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. «2022 жылы Түркияның энергия импорты бойынша шамамен 90-100 миллиард доллар тапшылығы бар... Бір айда тапшылық 8-9 миллиард долларды құрайды», деді артынша. Түркия Қара теңіздегі үлкен отын қорының арқасында табиғи газ импортынана тәуелділіктен құтыла алады - ел аталған аймақтан табылған газды 30-40 жыл бойы өндіре алады. Алғашқы кезеңде жалпы тұтынудың 10 пайызын алмастыратын тәулігіне 10 миллион текше метр өндіру жоспарлануда. Осылайша, мемлекет айына бір миллиард доллар үнемдей алады – шығындар 9 миллиардтан 8 миллиард долларға дейін қысқарады. Қазіргі уақытта Ресей Түркияны газбен негізгі жабдықтаушылардың бірі болып қала береді - Түркияға жеткізілетін газдың 44 пайызын құрайды, Бұл туралы Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөңмез мәлім етті. Түркияға газ «Көгілдір ағын» және «Түрік ағыны» газ құбырлары арқылы келеді. Түрік тұтынушыларына арналған қуат бойынша (Түрік ағынының бір тармағы Еуропаның оңтүстігіне жеткізу үшін пайдаланылады)  жылына 33 миллиард текше метрге дейін жеткізе алады.

0 пікір
Мұрағат