Сарапшылар болжамы қате шықты: Ауған экономикасы кері кетпей, керісінше қалпына келе бастады
Сарапшылар болжамы қате шықты: Ауған экономикасы кері кетпей, керісінше қалпына келе бастады
1 жыл бұрын 10998 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бүкіл әлемдік банк тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) билікке келгелі бері ауған экономикасын «дүрбі салып» бақылап отырды десек те болады. Осы уақытқа дейін әйелдерді қоғамдық өмірден шеттеткені бар,  тәліптердің билік тізгінін ұстауына байланысты шетелдік инвесторлардың елден кеткені бар, донорлық көмектің тыйылғаны бар, қысқасы, осындай факторларды ескерген сарапшылардың ауған экономикасы көп ұзамай күйрейді деген пайымы қате болып шықты. Керісінше соңғы есеп бойынша Ауғанстан экономикасы кері кетпей, біртіндеп қалпына келе бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бүкіл әлемдік банк баяндамасында айтылғандай, соғыстан экономикасы шатқаяқтаған елдің негізгі эономикалық көрсеткіштері мен экономикалық жағдаяттар жағымды сипат алып келе жатыр. Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) инфляциясы 2022 жылдың шілдесіндегі 18,3 пайыздық көрсеткіштен 2022 жылдың қараша айында 9,1 пайызға төмендеген. Ауған валютасының АҚШ долларына қатысты бағамы 87-89 деңгейінде тұрақты болып қалды. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметтегілердің жалақысы да уақытылы төленіп келеді. Табыс мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2022 жылдың соңғы сегіз айында (наурыз-желтоқсан) 1,54 миллиард долларға жетіп, жоғары деңгейде қалған. Ауғанстаннан жалпы тауар экспорты 2021 0,9 миллиард және 2020 жылдардағы 0,8 миллиард доллармен салыстырғанда 1,7 миллиард долларға артқан. Бүкіл әлемдік банк Ауғанстан экономикасының қалпына келе бастауын елдегі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейімен байланыстырып отыр.

0 пікір
Мұрағат