Түркия алғашқы құрлықаралық зымыранын көрсетті (видео)
Түркия алғашқы құрлықаралық зымыранын көрсетті (видео)
42 минут бұрын 22 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия ұлттық қорғаныс министрлігінің зерттеу және әзірлеу орталығы ел тарихындағы алғашқы құрлықаралық баллистикалық Yildirimhan зымыранын Стамбұл қаласындағы SAHA 2026 көрмесінде жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы turkiyetoday.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ел айбынын асыратын Yildirimhan зымыранының техникаллық сипаттамасына келсек, ұшу қашықтығы – 6000 шақырымға жетеді, ұшу жылдамдығы – 9-дан 25 МАХ, азот тетроксид негізінде әзірленген сұйық отынды төрт зымыран қозғалтқышымен жабдықталған. Yildirimhan - ұлттық қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу орталығы (Mond) құрастырған баллистикалық зымыран жобасы. Ол сұйық зымыран отын қондырғысымен және 3000 келі тартатын үлкен жарылғыш жүк көтергіштігімен ұқсас жүйелерден ерекшеленеді ", - делінген зерттеулер мен әзірлемелер орталығы жариялаған ресми жарнамалық кітапшада. Осы орайда Түркияның қорғаныс саласындағы технология мен қару-жарақ импортына тәуелділігі 80 пайызға кемігенін айта кетпекпіз. Бұл жетістік билік басындағы Әділет және даму партиясының мемлекет қауіпсіздігіне айрықша мән беріп, қорғаныс саласына инвестиция тарту саясатымен тікелей байланысты. Түркия қорғаныс саласын қолға алу арқылы аймақтағы негізгі ойыншылардың біріне айналды.

SAHA 2026 халықаралық қорғаныс және аэроғарыш көрмесі Түркия мен Еуропадағы ең ірі қорғаныс, аэроғарыш және ғарыш өнеркәсібі кластері SAHA Istanbul ұйымының қолдауымен Istanbul Expo орталығында ашылды.

0 пікір
Мұрағат