|
Иран жаңа әскери дронын көрсетті (видео)
|
Әскери саладағы ұшқышсыз ұшатын аппаратымен аты шыққан Иранның бұл замануи қаруы 2000 шақырым қашықты еңсере алады. Бұл жайында islam.kz порталы түріктердің Yeni Safak ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал жылдамдығы сағатына 600 шақырымға дейін жететін соққы беруші дронның атауы - Arash-3 (парсылардың атқанда оғы көкжиектен асатын әфсаналық кейіпкердің - садақшының атауымен байланысты – ред.). Дронның әскери бөлігі шамамен 1 келі тартады. Ұзындығы 3,5 метрге жуық дрон қанаты – 2,5 метр. Бағдар алуы үшін, яғни, бағытынан жағылмауы үшін (навигация) спутниктік суреттерді де пайдаланады әрі GPS-сигналы жоғалған жағдайда ұшуын жалғастыруға мүмкіндік беретін дербес (автономды) алгоритмді де пайдаланады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды