Түріктер Қара теңіздегі газ қорының әлемдік қажеттілікті қанша жыл өтуге жететінін мәлімдеді
Түріктер Қара теңіздегі газ қорының әлемдік қажеттілікті қанша жыл өтуге жететінін мәлімдеді
2 жыл бұрын 1277 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Wojciech Kardas / Agencja Gazeta / Reuters

Түркия билігіндегі әділет және даму партиясы жетекшісінің орынбасары, бұрынғы премьер Бинали Йылдырым Қара теңізден табылған газ қоры әлемдік қажеттілікті 45 жыл бойы өтеуге жететінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Milliyet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның дерегінше, Қара теңіздегі газ қоры қазіргі уақытта 540 млрд текше метрді құрайды. Бұл әзіргісі. Ал Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез Kriter ақпарат көзіне берген сұхбатында Қара теңіздегі газ кенін 2023 жылдан бастап игеретіндерін әрі тәулігіне 40 млн текше метрге дейін өндіруді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Ұқсас материалдар:

«Түркия келесі жылдан бастап өз газын өндіреді» «https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-kelesi-jyldan-bastap-oz-gazyn-ondiredi-16653/#gsc.tab=0);

«Түркияны энергетикалық тәуелділіктен құтқаратын кен орны табылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/turkiyany-energetikalyq-taueldilikten-qutqaratyn-ken-orny-tabyldy-14019/#gsc.tab=0);

«Түріктер тағы бір газ кен орнын тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-tagy-bir-gaz-ken-ornyn-tapty-14277/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат